Өнімнің 20 пайызы – экспортқа бағытталған

Кезінде жеңіл өнеркәсіп саласының құрдымға кеткен кездері де болған. Бүгінде шүкір бұл саланың бойына қан жүгіріп, тамырын тереңнен тартып келеді. Түркістан облысында еліміз бойынша тұңғыш әрі жалғыз мақта-тоқыма кластері жұмыс жасайды. Аталған кәсіпорын индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көріп отыр. Мақта өсіру, иіру, тоқу, бояп-өңдеу және тігу сияқты бүкіл жұмысын қамтитын жалғыз тоқыма комбинаты – «AZALA Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіоблыстағы іргелі кәсіпорындардың біріне айналған. Тоқыма комбинаттары көп болғанымен, барлығы бірдей отандық мақтаны қолдана бермейді. «AZALA Textile» бұл жағынан да ерекшеленеді. Өйткені, қазақстандық мақта талшығын ғана пайдаланады. Шикізатты компанияның өз меншігіндегі «Мырзакент» мақта өңдеуші зауыты әзірлеп береді. Мақтаарал ауданында орналасқан зауыт мақтаның өзгеше қытайлық сұрпын өсіреді. Отандық шикізат  жинап  американдық технология бойынша өңделеді. Өндіріс орны түгелдей  еуропалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тоқыма цехында жіптен қатты сұр мата тоқылып шығады да, әрі қарай өңдеу және тігін фабрикаларына жіберіліп, сонда түкті бұйымдар жасау үшін боялады және тігіледі. Цехтан саудаға шықпас бұрын өнім тексеріске жіберіледі. Сапасы терең тексерістен өткізіледі. «AZALA Textile» жылына 2,3 млн дана төсек-орын жабдығын және 10,4 млн дана түкті бұйымдар жасауға қауқарлы. Мұнда сүлгілер мен жамылғылар, халаттар шығарылады. Одан өзге ақ және түрлі-түсті бөз, сиса, сәтен сияқты дайын маталар да шығарады.  Өнімнің 80 пайызы – ішкі нарыққа ал қалған 20 пайызы – экспортқа бағытталған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444