Елімізде ұшақ билеттерін арзандататын шаралар қолға алынып жатыр

Елімізде жыл аяғына қарай әуе билеттерінің бағасы арзандауы тиіс. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Сенат қабырғасында өткен әуе кеңістігін пайданалу және авиация қызметі мәселелері бойынша заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, билет құнына мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы әсер етуі тиіс. Ведомство басшысының пікірінше егер кәсіпорындар жөндеуден өтсе, Қазақстанда әуе керосині арзандап, оны импортқа шығаруға да мүмкіндік туады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: — Бүгінде біз керосиннің 60 пайызын шетелден алып келеміз. Оның бағасы әуе билеті құнының 30 пайызын құрайды. Ол әуежайларда әртүрлі. 150 мен 300 мың теңге аралығында тұрады. Мұнай өңдеу зауыттары жөндеуден өтіп жатыр. Жыл соңына дейін жаңғырту жұмыстары аяқталуы тиіс. Нәтижесінде бізге қажетті 800 мың тонна керосин өндіріліп, әуе билетінің бағасы төмендейді деп күтіп отырмыз.   Министрдің хабарлауынша қазір Қазақстан аумағында және шетелге қатынайтын ұшақ  билеттерінің құнын арзандату үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Ең бастысы әуе компанияларының арасында бәсекелестіктің орнауы. Мәселен, жақында ғана венгриялықтар жолаушыларды Еуропаға арзан тарифпен жеткізуге дайын екендіктерін жеткізді. Отандық компаниялар да халықаралық әуе қатынасын,, дамытуға дайын. Биыл Хельсинки және Варшаваға рейстер ашылады, — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444