«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» ашылды

Жамбыл облысында биыл жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіруші түлектер мен жұмыссыз жастарды мемлекеттік қызметке дайындау мақсатында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» өз жұмысын бастады. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған мектепке 200-ден астам жас өтінім білдірді. Алғашқы лекте 25 жас 1 апталық оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болды. 16 сағат теория мен 24 сағат тағылымдама.

Бүгінде өңірде жастардың кәсіпкерлігін шыңдауға тиісінше мән берілуде. Соның дәлелі ретінде, Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылуда.Облыс жастарынан 555 (ШҚО- 473, Ақтөбе- 394, Қостанай- 395, СҚО- 198, Қызылорда- 671) жоба ұсынылып, 222 жоба қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірге 435 млн. теңге инвестиция тартылды.

Жалпы, жеңімпаз атанған 222 жобаның 77-і облыс орталығынан болса, қалған 145-і аудандар мен ауылдық елді мекендерден. Жоба аясында өңірдің 762 жасы жұмыспен қамтылады, оның 33-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. нәтижесінде, қазіргі уақытта жобаның жеңімпаздары 50 пайыз (1-ші транш) қаржыларын алып, кәсіптерін бастады. Ал, жоба қатысушылары шәкіртақыларын қазан айының алғашқы 10 күндігінде алатын болады.

Сонымен қатар, жастардың бизнес бастамаларын несиелендіру бойынша Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорымен келісе отырып, 78 жасты несиелендіру жұмыстары жүруде. Бүгінде олардың 21 қолдау тапты, қалғандары құжаттарын жинақтауда.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 700 жасты Бизнес бастау жобасына оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде- 374 жас оқыды. 2017 жылы 263 жас оқыған.

Одан бөлек, басқарма мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан ашылған «Инновация және кәсіпкерлік орталығы» арасындағы меморандумға сәйкес, облыстағы жастардың инновациялық-кәсіпкерлік біліктіліктерін арттыру мақсатында оқыту курстар мен семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда.

Жастарды түрлі салалар аясында ақпараттандырудың да маңызы зор. Осы орайда, үстіміздегі жылы Басқарманың ұйымдастыруымен ақпараттық автокеруені барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде болып, «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастырды. Кеңес беру алаңдарында 10-нан астам саланың 20-ға жуық өкілдері тұрғындар мен барлық санаттағы жастарға кеңестер берді. Жалпы, аталған автокеруен 20 елді мекенде болып, 7 мыңға жуық (6820) жастар қамтылды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444