Қант өндірген өңірден мұнай да өңделеді

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Мейірхан Азатұлы ең басты жаңалық ретінде таяуда Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты іске қосылатынын айтты. Яғни, облыстағы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жүзеге асқалы отырған зауыттың жалпы құны 662,0 млн. теңгені құрайды. «Шағын мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту» жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды «Са Ба ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізетін болады. Дәл қазір зауытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2018 жылғы желтоқсан айында зауытты іске қосу жоспарлануда. Жоба іске асқан кезде 70 адамға жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сондай-ақ, ауданда кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 38 жаңа жұмыс орны ашылған. Атап айтар болсақ, “Орталық Азия Қант Компаниясы” ЖШС Меркі филиалының «Шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту» жобасы. Жоба құны – 698 млн. теңге. Жаңа 18 жұмыс орындары ашылған. Одан кейін, “Орталық Азия Қант Компаниясы” ЖШС Меркі филиалының «Қант зауытын қайта жаңарту» жобасы. Жобаның құны – 1014,2 млн. теңгені құрап, 20 жұмыс орындарымен қамтылды. Мұнан өзге  ауданда «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС, «Меркі ет» ЖШС, «Айя Сервис» ЖШС құрайды. Ауданның өнеркәсіп өнімі өндірісі көлемін арттыру мақсатында кәсіпорын басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданда қуаттылығы жылына 1500 тонна балық өндейтін зауыт іске қосылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, жалпы өңірлік өнім көлемінің көрсеткіштері ағымдағы жылы 22 млрд. 128,2 млн. теңге болған. Яғни, шағын және орта бизнестің үлесі 63%,  «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің үлесі 37% -ті құрайды. Ауданда 44 елді мекеннің 30-ы немесе 53977 адам орталықтандырылған ауыз сумен, ал 14 елді мекен немесе 30291 адам орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған.

Сонымен қатар, Меркі ауданы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. 111,6 млн. теңге. Бөлшек сауда тауар айналымы 3423,2 млн. теңгені құрайды. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 1,4 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 130,2 пайызға орындалған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444