Басты мақсат – қарқынды даму
Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды. Бүгінде халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Аудан бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 42 елді мекені ауыз су құбырымен қамтылған, оның ішінде 18 елді мекенге ауыз су тұрақты, қалған 24-не кестемен берілуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4 елді мекендегі ауыз су жүйелеріне107,1 млн. теңгеге, аудандық бюджет есебінен 82,7 млн. теңгеге 6 елді мекендердегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2018 жылы 8 елді мекендегі ауыз су жүйелеріне 107,1 млн. теңгеге, аудандық бюджет есебінен 23,0 млн. теңгеге 2 елді мекендегі ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шарапхана ауыл округі Шарапхана елді мекеніне ауыз су құрылысының жұмыстарына бюджеттен 2018 жылға 534,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Нысан 2019 жылға өтпелі. Республикалық бюджеттен 2018 жылы 590,0 млн. теңгеге бөлініп, Ескі Шанақ, Жұмысшы, Талдыбұлақ, Дихан, Жаңаталап, Тесіктөбе елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.