Шаруа қожалықтары басым
Түркістан облысындағы Сайрам ауданында ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары басым. Олардың дені астық оруға, көктемде егіс жыртуға жаңа техникалар сатып алуда. Биылғы жылға ауыл шаруашылық техникасын алу бойынша — жылдық жоспар 60 дана сатып алу болса, қазіргі таңға Ақбұлақ ауыл округі бойынша – 4 дана, Ақсукент ауылдық округі – 2 дана, Арыс ауыл округі — 3 дана, Қарасу ауыл округі — 3 дана, Қайнарбұлақ ауыл округі — 3 дана, Қарабұлақ ауыл округі -8 дана, Манкент ауыл округі – 4 дана, Көлкент ауыл округі — 4 дана, барлығы 38 дана алынып отыр. Сонымен жоспар 63,3 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады деп күтілуде. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша – жылдық жоспар 223 бас алу жоспарланған отыр. Аталған тапсырма жыл соңына дейін орындалады. «Құлан» бағдарламасы бойынша –жылдық жоспар 31 бас алу жоспарланып отыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – жылдық жоспар 75 бас алу болса, қазіргі таңға Ақсукент ауыл округі «Исамиддин» шаруа қожалығы- 62 бас, Ақбұлақ ауыл округі «Ақбұлақ ет өнімдері» ЖШС -62 бас сатып алынды, аудан бойынша 124 бас ірі қара мал алынып, жоспар 189 пайыз орындалды. Алдағы уақытта ірі қара мал басын көбейтуді жоспарлап отырған шаруашылықтар көп.