Өндіріс орнының демеушілігі

Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар. Түркістан облысындағы Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін цехы ашылған. Онда қолынан іс келетін, өз мамандығының майталмандары жұмыс істейді, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Жұмысшыларға арнап киім-кешек, аяқ киім тігеді. Енді жергілікті тұрғындар алыстан ат артпай-ақ, тапсырыс беруіне болады. Шолаққорған кентіндегі мына тігін цехы 2 жылдан бері жұмыс істейді. Ол аудан аумағында орналасқан өндіріс орындарының демеушілігімен ашылған. Бір ерекшелігі, мұнда негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді. Түрлі тапсырыстар бойынша киімдер тігеді. Бақыт Смахова-  мүгедектер қоғамының төрайымы «Тігін цехы  заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұндағы  қызметкерлер өз ісінің шебері. Әрқайсысы істеген еңбегіне қарай нәпақа айыруда. Мұндағы жандар   тағдырға мойыған емес, әрдайым мүмкіндігім шексіз деп біледі. Соған орай табыстары да жаман емес». Эльмира Қожаматова- тігінші «Екі ғимаратты тігін фабрикасында аяқ киім шеберханасы да бар. Сатып алушылар саны артқан. Арнайы тапсырыстар қабылдайды. Ал, аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Оларға арналған инва такси  де қызмет етеді».

М.Әсембек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444