Полистиролбетон –құрылыс нарығындағы жаңа өнім
Полистиролбетон –құрылыс нарығындағы жаңа өнім
Ел межесі – озат отыздық. Бұл үшін жаңа технологиялар мен өндірісте революция жасау керектігі — Елбасы Жолдауында жыл сайын айтылады. Бұл бағыттағы жұмысқа түркістандық кәсіпкерлер де үлесін қосуда. Дамыған елдерде құрылысқа қолданатын полистиролбетон өнімін шығаруды қолға алды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.
Полистиролбетон өнімі көпқабатты және жеке сектордағы үй салуға таптырмайтын құрылыс материалы. Бұл бетонмен қаласаңыз үйдің қабырғасы тез жабылады. Ұзындығы – 60, биіктігі – 30, ені — 20 см. Өлшемі қомақты болса да, салмағы бар болғаны — 15 келі. Берік һәм төзімді өнімді жоғары биіктіктен құлатсаңыз да сынбайды.
Жарқынбек – «Әділет строй KZ» ЖШС директоры
Құрамында полистирол цемент смола СДО дейміз смола деревесного омоление дейді. Сол бар. Бұл экологический чистый продукт.
Полистирол бетон өзіне дымқылға қарсы тұра алады. Суға салса, ылғал тартпайды. Дымқылдығы бар болғаны — 0,4 пайыз. Бұл материалға құрт-құмырсқа жоламайды. Суықтан қорғайды. Жылуды сақтайды. Сонымен қатар, артық дыбыс пен шуды өткізбейді.
Жарқынбек – «Әділет строй KZ» ЖШС директоры
Біздің цехтар тәулігіне 40-50 кеуб өндіруге шамамыз бар, бізге спрос болып жатса.Қазір 15 куб 18 куб төңірегінде өндіріп жатырмыз шамамызға қарап.
Полистирол бетон материалының бағасы газоблок пен пеноблоктан арзан. Сондықтан, бұл өнімге деген сұраныс күннен –күнге артып келеді. Осыны ескерген кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Н.Кенжехан