Атомға иек арту – энергия тапшылығын жояды

Соңғы 10 жыл көлемінде елімізде энергия құнының айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. Егер, алдын-алмаса бұл үрдіс тоқтамайды. Қайта үдей түсуі ықтимал. Сондықтан Қазақстан энергетикалық тапшылықтан құтылу үшін атом саласының дамуына қарқын беруі қажет.

Өйткені, атомнан қуат алу Қазақстан үшін арзанға түседі. Елдегі баға саясатына талдау жасап жүрген саясаттанушы түркістандық Сәкен Мәжімбековтың пікірі осы. Ол — Атомды тек қырып жою қаруы деп қарамай, қайта пайдасы көп элемент ретінде бағалайтын күн жеткенін алға тартады, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.  Сонымен қатар, саясаткер бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін бір өзінде 50-ден астам атом электр стансасы бар Жапония сынды елдерден үлгі алу керектігін айтады. Себебі, жапон елі ядролық жарылыстардан көп зардап шеккен мемлекет. Соған қарамай, аталған ел атом саласын дамытып келеді. Олай болуына бұл бағыттың зиянынан пайдасының көп болғаны себеп. Сондықтан «Қазақстанда уақыт өткізбей атомнан қуат алудың жолын жақындату керек»-деп, санайды саясаткер.

Сәкен Мәжімбеков, саясаттанушы: «Қазақтарға түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен айтайықшы. Мәселен үй салсаңыз сіз ертең дауыл тұрса мына үй құлап мен осының астында қаламын деп ойламайсыз ғой. Қайта маған сондай кезде қорған болады деп саласыз. Атом саласы да солай. Оның тиімді тұсы көп».

 

М. Жарылқасын

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444