Фермерлерге баса көңіл бөлінеді

Түркістан облысына Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің сапары барысында салаға қатысты көптеген мәселелер талқыланды.  Өңірдегі агроөнеркәсіптік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған жиында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Евниев агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктер туралы толығырақ баяндап берді. Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарламаның мәні — жер мен қаржыландыруды қажет ететін фермерлерге баса көңіл бөлінеді. Мал шаруашылығымен, оның ішінде қой және жылқы өсірумен айналысатын 80 мыңнан астам отбасылық фермаларды құру, жайылым алаңдарын 58 миллион гектардан 100 миллион гектарға дейін, ал, ірі қара малдың санын 15 миллион басқа дейін, қой санын 30 миллион басқа дейін жеткізу көзделген. «Фермер аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржылай қолдау қорымен 15 жылға 4 пайызбен қаражат ала алады. Бұл мәселе шешілуде, тек нақты технологиялық тәртіп қажет», – деді бірінші вице-министр. Сондай-ақ, Түркістан облысының жағдайына тоқталған А.Евниев өңірде 9 миллион гектар жайылым алқабы барын, оның 2 миллион гектары ірі фермерлердің меншігінде болса, тағы 2 миллион гектары игерусіз бос жатқанын айтып, бұл жерді тездетіп игеру қажеттігін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444