Жоба жоспарлар көп

 

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов тұрғындарының саны 20 мыңға таяп қалған Атакент кентіндегі нысандармен танысты. Жаңадан асфальт төселген көшелерді аралап көріп, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерге барды. Сондай-ақ, атакенттіктермен де арнайы жиын өткізіп, тұрғындарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді.

 

Атакент кентіндегі ең өзекті деген ауыз су мәселелсін шешу үшін АПЗ және ЖСҚ құжаттары дайындалып, келесі жылы құрылысы басталғалы тұр. Бұған дейін кентте 3-4 көшеге ғана асфальт төселсе, келесі жылдан бастап 6-7 көшеге дейін асфальт төселетін болады. Сол сияқты ішкі көшелерге жарықшам орнату, аяқжол салу жұмыстары да 2 есе артады. Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындар саны күрт өсіп келе жатқан кентте 1200 орындық мектеп салу үшін жер қарастырылып жатқандығын жеткізді.

 

«Біз Мырзакент пен Атакентті қатар дамытатын боламыз. Ол үшін жоба-жоспарларымыз бар. Бір кездері атағы Мәскеуге жетіп, қаншама жылдар бойы экономикалық көрсеткіштері бойынша оқ бойы озып тұрған Мақтааралды қайтадан жасақтайтын боламыз» — деді Бақыт Нәсірханұлы.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444