«ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында жолаушылар пойызының саны 44-тен 58-ге артатын болды

Жергілікті атқарушы органдардың болжамдық деректеріне сәйкес, 2017 жылдың жазғы маусымында аймақтардан Астана қаласына «ЭКСПО-2017» көрмесін көру үшін келетін жолаушылар саны 1 855 934 адамды құрайды. Оның ішінде теміржол көлігімен келетіндер 935 271 адам болады.  2017 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Склярдың төрағалығымен жергілікті атқарушы орган әкімдерінің осы мәселеге жауапты орынбасаралары қатысқан селекторлық кеңес өтті. Онда халықаралық көрмеге келетіндерді тасымалмен қамтамасыз ету бойынша Бірлескен жоспар құрылды. Алдын ала деректер бойынша, көрме кезінде жолаушылар ағынын теміржол көлігімен қамтамасыз ету үшін Астана теміржол стансасы арқылы жүретін бағыттарды 44-тен 58-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған және 14 жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

1) Астана – Шымкент;

2) Астана – Маңғыстау;

3) Астана – Атырау;

4) Астана – Орал;

5) Шымкент – Астана;

6) Маңғыстау – Астана;

7) Орал – Астана;

8) Қостанай – Астана;

9) Жамбыл – Астана;

10) Алматы – Астана;

11) Алматы – Астана;

12) Карағанды – Астана (қала маңы);

13) Көкшетау – Астана (қала маңы);

14) Атбасар – Астана (қала маңы).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444