Отандық өнім бәсі жоғары

«Қазақстанда жасалған». Отандық тауар нарығына тағы бір өнім қосылды. Енді дүкен сөрелерінен «Lux Shoes» белгісі бар аяқ киімді көре қалсаңыз біле жүріңіз. Бұл – түркістандық отандық өнім. Табиғи былғарыдан тігілген аяқ киімдердің сапасы шетелдікінен кем емес. Өндіріс орнының жобалық құны 403 млн. теңге. Жаңа кәсіпорын жылына 120 мыңнан стам аяқ киім тігуге қауқарлы, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. «Lux Shoes» ЖШС-нің өнімдері заман талабына сай итальяндық технология бойынша өндіріледі. Тігін машиналары шетелден әкелінген. Түркияның «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғылары  тауарды сәнді және талғамға  сай үлгіде  тігеді. Нұрсұлтан Балабиев –«Lux Shoes» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы: «Қазір қысқы маусымға дайындықты бастап кеттік. Барлығы табиғи былғарыдан жасалынады. Астана, Алматы, Тараздан да тауарларымызды алатын серіктестеріміз бар. Ал, қаламыздан «Самал», «Айна» базарларынан өнімдерімізді таба аласыздар. Бағасы да қол жетімді». Сапасы да өте жоғары.  Қазіргі таңда кәсіпорын отандық ритейл тапсырыстарын қабылдап жатыр. Сондай-ақ, дайын өнімді ТМД және Орталық Азия мемлекеттеріне экспортқа жіберу жоспарлануда. Фабрика 90 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нұрсұлтан Әбдірашит

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444