Гонконгта сауда бөлімі бар

Түркістан облысындағы «Golden Camel» компаниясы алдағы уақытта ірі өнім өндіретін кәсіпорындардың біріне айналмақ.  Бүгінде зауытта  өндірістік желілерді іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Бұйыртса, қыркүйек айында кәсіпорын құрылысы толық аяқталып, өнім өндіруге кірісуге бүтіндей дайын болмақ. Жоспар бойынша зауыттағы жұмысшылар саны жүзден асады деп күтілуде. Қазіргі таңда компанияның Гонконгта сауда бөлімі бар. Ол Қытайға экспортталатын түйе сүті өнімдерінің сатылымын бақылауға алады. Енді компания басшылығы дәл осындай бөлімді Дубайдан да ашуды ойластырып отыр екен. Ең бастысы, бұл жобаның әлеуметтік маңызы зор болғалы тұр. Өйткені, осы арқылы қаншама адам жұмыспен қамтылып, отбасын асырауға мүмкіндік алады. Экономикалық дамудың да басты көздеген мақсаты сол емес пе?! Бір шетел азаматына 9 жергілікті маманнан, басқарушы 3 шетелдікке 7 жергілікті азаматтан келуі керек. Осы теңгерімді сақтасақ, ешқандай да заң бұзылмайды. Негізінде шетелден жұмысшы тарту оңай емес. Әрқайсысы үшін мемлекетке 300-500 мың теңгеден салық төлейсің. Қазір технолог мамандарды табу қиын. Иә, алдымен өз арамыздан іздеп көреміз. Егер табылмаса, амал жоқ, шетелден әкелеміз. Бірақ, олардың көмекшілері міндетті түрде өзіміздің жерлестеріміз болады. Және сырттан келген мамандарды сол көмекшілерді оқытып, үйретуге міндеттейміз, – дейді С.Арапбаев

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444