Туннель құрылысымен танысты

Бүгін Түлкібас ауданына арнайы ат басын бұрған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Қамзабекұлы Мыңбай құрылыс және ауылшаруашылығы нысандарын аралады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Депутат алдымен Азаттық ауылындағы Түркібасы әулие аумағынның абаттандыру жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданымыздың басқада киелі жерлерін жаңғырту мәселесін қолдайтыңдығын айтты. Мұнан соң Дархан Қамзабекұлы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің Шақпақ ауылындағы тунелльдің құрылыс жұмыстарымен танысып, сол ауылда орналасқан «Көктал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алма бау алқаптарын аралады. Түлкібас өңірі қай кезде де өз алмасымен белгілі, осы алманы брендке айналдырып тек Қазақстан аумағында ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де экспорттау мақсатында жұмыстар жүргізу қажет екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, халық қалаулысы сапар барысында Түлкібас поселкесіндегі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан теміржол вокзалы және аудан орталығындағы мәдениет үй мен саябақ аумағындағы жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан істерге оң бағасын берді. Даму нәтижесі жоғары екенін тілге тиек етті. Мәжіліс депутаты сапар барысында айтылған ұсыныстар мен, тілектердің барлығы назарға алынып, жоғарыға айтылатынын тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444