Өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік мол

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында Ұлы жібек жолының бір тармағы саналатын М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы магистрал дәлізі бар. Осы автомобиль жолының потенциалын пайдаланып, өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға әбден мүмкіндігіміз бар. Мәселен, бір кездері халықаралық деңгейде қызмет көрсеткен бетонканың бойындағы «Сапар» базарын қайтадан дамытатын болсақ, өңірде 10 мыңдаған адамды жұмыспен қамти аламыз. Осының бәрін ескерсек, жаңа Мақтааралдың экономикалық даму мүмкіндігі өте жоғары деп айтуға болады. Мырзашөлдің қара шаңырағы саналатын Мақтаарал ауданының жаңа әкімшілік орталығы Мырзакент кенті болып белгіленді. 80 970 гектарды құрайтын жаңа ауданда 131 мың 781 тұрғын өмір сүріп жатыр. Аудандағы 69 елді мекен 2 кент, 9 ауылдық округке біріктірілді. Көп ұлтты саналатын ауданның 75,9 %-ын қазақтар, 10,4%-ын тәжіктер, 7,9 %-ын өзбектер, 2,1 %-ын орыстар, қалған 3,8%-ын басқа да ұлт өкілдері құрайды. Көпұлтты болу – ол біздің байлығымыз. Мәселен, тәжік ағайындардан еңбекқорлықты, өзбек ағайындардан диқаншылықты, олар бізден қонақжайлықты, кең пейілді болуды үйренсе, онда біз көптеген жетістіктерге жете аламыз.

Э. Өсербекова, «Мақтаарал» газеті

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444