Жылыжай салудың тәртіптері

Ауыл тұрғындарын жыл он екі ай бойы көкөніспен қамтамасыз  ету мақсатында әрі арзан жергілікті жерде өндірілген көкөністер ерте көктемде, қыс айларында әр шаңырақтың дастарханында болса деген мақсатта жылыжай салып, аудан көлемінде осы жұмыстармен айналысып, айтарлықтай табысқа жетіп отырған шаруашылықтар мен кәсіпкерлер бар.

Түлкібас ауданының Келтемашат ауылдық округіне қарасты Кершетас елдімекенінде орналасқан «Болат» шаруа қожалығының төрағасы Шахтыбек Ботагеев 2014 жылы 0,29 га жерге жылыжай салып, қазіргі таңда жылына қызынақтан екі рет өнім алып, тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді.  Мамыр айында 22 тонна, қараша, желтоқсан айында 25 тонна өнім жинады. Ауыл тұрғындары жылыжайдың өнімдерін тұтынып, ризалықтарын білдіруде. Әрі көкөністер базар бағасынан әлдеқайда арзан бағада. Осы елдімекенде Төлеген Мамбеталиев деген жеке кәсіпкер өткен 2017 жылы жылыжай салып, жаңа жыл қарсаңында, яғни желтоқсан айында 15 тонна қияр өнімін жинап сатты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444