Тамыры қайта соққан зауыт

«Түлкібас консерві зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  ауданның және сырттан ауылшаруашылық өнім өндірушілерінен жеміс-жидек қабылдап, талапқа сай консерві түрлерін шығарған. Өнеркәсіп орындарының флагманы болған Түлкібас консерві зауыты, кезінде қайта жабдықталып ауданымызды, поселкеміздің тұрғындарын жұмыспен қамтыған. Зауытта 7 өндірістік цех жұмыс жасаған. Оның төртеуі өнім шығаратын цех болған. Зауыт құрылған 1965 жылдан бері еңбек ететін реттеуші шебер Н.Привалов шыны ыдыстардың қақпағын шығаратын станокты іске қосып, жұмыс атқарды. Жеміс-жидек цехы болгар жүйесімен шағын әдемі құтыларға құйылған дайын өнім шығарған. Тәулігіне 80000 шартты құты өрік, алма, шие, шабдалы т.б.жеміс-жидектер қайнатпа тосабы мен джемдер шығарған. Мұнан соң, тәуелсіздік жылдары жекешеленіп кеткен зауыт біршама уақыт тоқырап тұрып, қайтадан тамыры бүлкіл қақты. Қазіргі таңда зауыт ауданға, ауданнан бөлек көршілес облыстарға өнімдерін шығарып сатуда. Қызанақ пен қияды, қырыққабатты консервілеп жауып жатқан зауыт, жергілікті ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444