Дихандардың діттегені мол өнім

Шiлiңгiр шiлденiң ортасында Түркiстан қаласына ең жақын орналасқан ауылдардың бiрi Қарашық ауылдық округiне арнайы ат басын бұрдық. Ауыл әкiмi Фұрқат Айтметовпен тiлдесе отырып, бүгiнгi таңда ауыл округiнде атқарылып жатқан жұмыстардың тыныс-тiршiлiгiмен танысуға мүмкiндiк алдық. Жалпы Қарашық, Құмтүйiн, Қаратөбе елдi мекендерден құралған ауыл округiнде бүгiнгi таңда 10231 халық тұрады. Халқының негiзгi күнкөрiс көзi диханшылық пен мал шаруашылығы болып табылатын ауылда жалпы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемi 16464 гектарды құраса, одан суармалы жер — 4267 га, жайылым — 11808 га, шабындық 287 га. Сондай-ақ, iрi қара мал — 6306, қой-ешкi — 10591, жылқы — 405, түйе — 192, құс — 4398-ге жетiп отыр. Дихандарымыз ерте көктемнен далада білек сыбана жұмысқа кiрiсiп кеткен. Дегенмен, биыл ауа-райының қолайсыз болуы дихандарымыздың ойдағыдай өнiм алуына айтарлықтай кедергi келтiрiп отыр. Осындай келеңсiздiктерге қарамастан қарашықтық дихандар нәпақасын жер-анадан iздеп, несiбесiн теруде,-дейдi бiзбен сұхбатта ауыл округi әкiмi Ф.Айтметов.

«Түркістан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444