Өнім құны төмен

Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында қарқынды жұмыс істеп жатқан ірі кәсіпорындар баршылық. Осы аумақтағы орама қағаздарын шығаратын «Бумпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады. Өндірген өнімі сапалы әрі сұранысы мол. Қағаз қалдықтарын өңдеу мақсатындағы жобаның жалпы құны 200 миллион теңге. Кәсіпорын өнімдеріне сұраныс мол. Әсіресе, тапсырыстар Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарынан жиі түседі. Алдағы уақытта кәсіпорын өнімдерін көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне жөнелту жоспарланып отыр.  Кәсіпорын жылына 4 мың, ал айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Мұнда мамандардың біліктілігін арттыру үшін шет мемлекеттерге жіберіп, оқыту үрдіске айналған. Жуырда ғана серіктестіктегі 30 маман Қытай елінде арнайы курста оқып келген болатын. Қаптаған орманы жоқ болғандықтан серіктестік кейде шикізат тапшылығын тартып қалатыны бар. Өндіріске қажетті шикізатті Қызылорда, Алматыдан тасымалдап, облыстың түкпір түкпірінен жинайды. Ол үшін өздерінің арнайы техникалары да бар. Дегенмен алдағы уақытта салалық серіктес те қажет сынды. Өйткені тау асып, теңіз асып тасымалданған шикізаттан жасалған өнімнің құны жоғары болатыны белгілі. Сондықтан да шикізатты шеттен тасымай өзімізден ала алсақ өнім құны әлдеқайда төмен болар еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444