Қаракөл тұқымын көбейтуде
Түркістан облысы Созақ ауданындағы «Қарақұр» өндірістік кооперативінде қаракөл қойы көбейген. Асылтұқымды мал басын көбейтуді шаруашылық алдына міндет етіп қойып отыр. Жауғашты Садырханов – «Қарақұр» өндірістік кооперативінің төрағасы «Майда мал өзіміздің жағдаймызға қарай ұстап отырмыз. Әйтпесе малдың басын көтеріп те, төмендетіп те жіберуге болады. Алғашқы жылдары қиындықтар көрдік, кадр мәселесі, шопан мәселесі, механизатор мәселесі осындай қиындықтар болған кезде малдың басына шектеу қойып ұстадық. Қазір міне 18 мыңдай майда мал бар, қаракөл қойы, асылтұқымды зауыт. Екінші қосөркешті түйе шаруашылығы бар, 1000-дай түйе. Жалпы жұмысшылар саны 120. 15-тей адам аппараттың өзінде жұмыс істейді”.
Бұл кооператив — ауданда мал шаруашылығын дамытуға сүбелі үлесін қосып отырған серіктестік. Нәтижелі еңбек пен берекелі көмектің арқасында мал басы да артып отыр. Қазір ауданда дәл осындай 10-ға тарта ірі шаруашылық тұрақты еңбек етеді. Онда 32 мыңнан астам мүйізді ірі қара мен 15 мыңдай жылқы, 10 мыңнан астам түйе мен 300 мыңнан астам қой-ешкі бар.
П. Биназарқызы