Кешенді ферманың келешегі мол

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы  «Бөрте-Милка» кешенді фермасы айына 27 тонна сүт өндіреді. «Бөрте» сүт тауарлы фермасына сүтті бағыттағы «Гольштейн» асыл тұқымды сиырлар алып келінген, бүгінгі таңда мал басы 900-ге жетті. Инвестициялық жобаның жалпы құны 1,5 млрд. теңге. Сүт фермасының базасында автоматтандырылған жаңа технологиялы сүт өнімін өңдеу зауыты іске қосылды.Бұл зауыт тәулігіне 40 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, йогурт, құрт өнімдерін сатылымға шығаруда. Былтыр әкелінген 408 бас сүтті көп беретін асыл тұқымды Голштиннің дені төлдеген. Жергілікті кәсіпкер қолға алған құны 3 миллард теңгелік жоба толық қуатында жұмыс істесе тәулігіне 50 тонна өнім өңделеді. Кешендегі 800 бас ірі қарадан айына 27 тоннаға жуық өнім алынып отыр. Жобаның үшінші кезеңінде күніне 50 тонна сүтті терең өңдейтін зауыт салынбақ. Ферма ол қажеттіліктің тең жарымын ғана өндіреді. Қалған бөлігін жақын маңдағы елді мекендерден қабылдамақ. Сонда ауыл азаматтарына да қосымша жұмыс көзі табылады. Сөйтіп кіші кәсіпорындар іріленбек. Нұралы Әбішев, «Бөрте-Милка» тауарлы сүт фермасының құрылтайшысы: «Өкіметтің қазіргі жәрдемінсіз мұны істеу мүмкін емес. Екіншіден қазір тағы да бағдарлама шығып жатыр үкіметтен бұл жаңағы кіші кәсіпорындарды біріктіруге. Біз қазір 50 тонналық зауыт салғандағы мақсатымыз сол кіші кәсіпорындардың өндірген сүттерін өзіміздің зауытқа сатып алып өңдеу. Ордабасы, Арыс аудандарын осыған өлшеп отырмыз. Қара-ала сиырлар өзге мал сияқты өріске жіберілмейді. Сондықтан қорада оларға барлық жағдай жасалған. Жемі мен суы өз алдына бөлек беріледі. Тіпті жатын жерлері де бар. Егер іштегі ауа райы қатты ысып кететін болса қабырғасы түсіріліп желдеткіш іске қосылады сонда ауа райы бір қалыпты сақталады. «Фермадағы ірі қараның күтімін толықтай компьютер атқарады. Адам тек бақылаушы ғана. Сондықтан сиырлар өздерін еркіндікте жүргендей сезінеді. Сүтті де көп береді», — дейді шаруа.
24.кз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444