Инвестициялардың игерілуі ойдағыдай
2018 жылғы қаңтар-маусымда Түркістан облысында өнеркәсіп саласына салынған инвестициялар 37428,2 млн. теңгені немесе 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 120,4% құрады. Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі өнеркәсіп салаcының үлес салмағы 40,2% құрады. Ағымдағы кезеңде өнеркәсіп саласы бойынша 10882,6 млн. теңгеге жаңа негізгі құралдар іске қосылды.Өнеркәсіп саласының ішінде едәуір бөлігі 17,5% немесе 6543,4 млн. теңгесі — өңдеу өнеркәсібі және 31,1% немесе 11640,1 млн. теңгесі — электірмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларына тиесілі.Инвестициялық салымдардың негізгі бөлігі (62,4%) кәсіпорындардың өз қаржысы есебінен жүргізілді.2018 жылғы қаңтар-маусымда Шымкент қаласында өнеркәсіп саласына салынған инвестициялар 241220,4 млн. теңгені немесе 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,8 есе құрады.Қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі өнеркәсіп салаларының үлес салмағы 81,7% құрады. Ағымдағы кезеңде өнеркәсіп саласы бойынша 4993,6 млн. теңгеге жаңа негізгі құралдар іске қосылды.Өнеркәсіп саласының ішінде едәуір бөлігі 98,2% немесе 236883 млн. теңгесі — өңдеу өнеркәсібіне, оның ішінде 93,6% немесе 225827 млн. теңгесі – кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласына тиесілі.Инвестициялық салымдардың негізгі бөлігі (87,5%) банктердің кредиттері қаражаты есебінен жүргізілді