Тиімді өнім алуда

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылдық округінің негізгі аумағы Үлкен Бөген, Бала Бөген өзендерінің аралығына орналасқан. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын аймақ тұрғындарының меншігінде 43073 уақ мал, 5541 ірі қара, 1712 жылқы бар. Сондай-ақ, 12303 гектар егістік жердің 1559 гектары суармалы алқап. Егін егумен 23 ірі, 64 шағын шаруашылықтар айналысып, тиімді өнім алуда. Ал мал өсіріп, одан өнім өндірумен 5 ірі, 35 шағын шаруашылықтар шұғылданады. Ауылдардың әлеуметтік, мәдени-рухани тұрғыда өркендеп дамуы үшін бірқатар жұмыстар атқарылып, ойдағыдай жүріп жатыр. Ауыл аумағында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жиһаз жасау цехы, 2 жасау-жабдықтар тігетін шеберхана, шаштараз, темір жонатын цех, бір шағын және 300 орындық тойхана, 11 сауда дүкені ашылып, өз жұмыстарын жандандыруда.
Ауылдарды көріктендіру, көркейту мақсатында жоспарлар жасалынып, жұмыстар ұйымдастырылуда. Елді мекен көшелерін асфальттау жүйелі жоспарларға сәйкес қолға алынған. Сонымен бірге қазіргі таңда Ақбастауда бес, Кеңесте екі, Жолғабас пен Тұрақтыда бір-бір көше жарықтандырылған. Ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан Ақбастау—Тұрақты—Қаратас ауылдарының аралығын байланыстыратын асфальт жол, Бала Бөген өзенінен көпір салынып, пайдалануға берілді.Ақбастаулық айтулы кәсіпкер Эльмира Омарбекованың өз қолымен тіккен, өрнектеген бұйымдары талай жарыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді. Шалғайдағы ауылда қсу бар, өркендеу бар. Алдағы уақытта шаруашылықты дамытып, кәсіпкерлік саласын тізгінін ұстауға құмбылдардың қатары қалыңдамақ.

Б. Қалаубай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444