Шағын кәсіпкерлік дамып келеді

Түркістан облысында бүгінде мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Аудандарда мемлекеттік бағдарламалар аясында өз жұмысын бастаған бірқатар кәсіпкерлік нысандар бүнгінде дамудың даңғыл жолына түскен. Аудан орталығында кәсіпкерлік нысандары Отырар ауданын алға сүйреп тұрған көрсеткіштердің бірі. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған «Ағысай» тігін цехы қазіргі таңда кәсіпкерліктің көрігін қыздырып отыр. Шағын несие алып, тігін шеберханасын кеңейтіп, дамытқан кәсіпкер Е. Құлтаев бүгінде 4 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Мұнда киім тігу, күрделі тапсырыстарды орындау, гобелен тоқу секілді қызметтер атқарып, тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындардың кез-келген тапсырысын орындауға қабілетті. Сапалы етіп жасайтын болғандықтан тапсырыс аясы да кеңейіп отыр. Бұдан бөлек «Аделия» сұлулық салонын ашқан кәсіпкер де «Өрлеу» бағдарламасының шарапатын көріп отыр. Аталмыш бағдарламаға қатысқан ауыл тұрғыны Д. Сақбаева сұлулық салоны мен шаштаразға қажетті құрал-жабдықтар алып, өз кәсібін жүргізді. Аудан тұрғындарының қажеттілігін өтеп отырған сұлулық салонында 3 адам жұмыспен қамтылған. Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына барынша жағдай жасалып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444