Сүт өнімдерінің логистикасына айналмақ
Түркiстан қаласы маңайындағы ауылдарда бүгінде қайнаған қызу еңбек. Шаруалар ерте көктемде еккен егінін шашпай төкпей жинап алу үшін еңбектенуде. Бөген су қоймасында 39500 гектарға арналған су қоры жиналатын болса, Түркiстан аумағында 62-65 мың гектарға дейiн егiн егiледi. Қалғанын ұңғыма арқылы әрқалай суарып жатыр. Еккен егiндi, бордақылаған мал етiн, жалпы өнiмдi өткiзуде мәселе туындап отырған жоқ. Соңғы жылдары «Тұран» өндірістік кооперативі мүмкiндiгiне қарай сүт өнiмдерiнiң логистикасына айналып отыр. Қазiр қалада сүт өнiмдерiн өңдеп оны ұнтаққа айналдыратын зауыт салынуда. Жоба iске қосылса тәулiгiне 100 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Осыған шикiзатты жергiлiктi шаруалар жеткiзуi тиiс. Онда Түркiстан қаласына қарасты Жiбек жолы, Сауран, Ішқайық, Шорнақ ауылдық округтерiндегi 10 мың түйеге қаржы бөлу, сол ауылдардағы халықты қолдау үшiн түйе шаруашылығын дамыту мәселесi қолға алынуда. Егер бұл жобалар iске асқанда әлгi зауыттың мүмкiндiгiн пайдаланып, сүт кластерiн дамыту жоспары тұр. Бүгiнгi таңда өңiрiмiздегi егiстiк алқап небәрi 40-60 пайыздың арасында сумен қамтамасыз етiлcе де, мол өнiм алып отыр. Қалғандары болса құдық қазып, еңбек етуде. Фермерлер одағының басшысы Ә.Нарынбетовтың құрған кооператив көпке үлгi болып отыр.