Мал азығын дайындауда алдыңғы лекте

Түркістан облысына қарасыт Бәйдібек ауданындағы Ағыбет ауыл әкімдігінің аумағы Қаратаудан бастау алатын Үлкен Шаян, Кіші Шаян өзендері мен Шөл тоғай аталатын массивке орналасқан. Жалпы жер көлемі 52798 гектар. Ағыбет ауылдық кеңесі болып келген құрылымнан, жаңа заман талабына сәйкес құрылған Ағыбет ауыл округіне қарап, округ құрамына Ағыбет, Алғабас, Жұлдыз және Жаңаталап елді мекендері кірді. Бүгінгі күні есептегі 424 отбасында 2547 халық тұрады. Тұрғын халық негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Егістік жер көлемі 13252 гектар. Суармалы жер — 77 гектар. Шабындық, жайылымдық көлемі — 27511 гектар. Атырапта 56 шаруа қожалығы, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 12 өндірістік кооператив жұмыс жүргізеді. Жеке адамдардың есебінде 19368 уақ мал, 2746 ірі қара, 936 жылқы бар. Шаруа қожалықтарының дені егін егу, көкөніс өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Негізгі күнкөріс көзі де осы ауыл және мал шаруашылығы. Аудан диқандарының биылғы тағы бір жетістігі егіншілік сала­сын әртараптандыруға жете көңіл бөле бастағаны десе бола­ды. Көктемде сеуіп тастап, күз­де орып алатын бейнеті аз бидай­ға ғана қарап қалмай, бүгін­де үлкен сұраныс туғызып отыр­ған және базарда бағасы да бидайдан әлдеқайда жоғары сояулы мал азығын өсіруге аудан шаруашылығы биыл үлкен көңіл бөлді. Ауданда сояулы мал азығын дайындау жоспары 239 600 тонна болса, ал нақты дайындалғаны 187 321 тоннаға  жетеқабыл. Оның ішінде 169 260 тонна пішен, 1 984 тонна сабан, 16 077 тонна жоңышқа жиналады деп жоспарлануда. Мұның өзі аудан тұрғындарына қыстан қысылмай шығуына кәдімгідей көмек болғалы тұр. Сояулы мал азығын дайындаудан аудан бойынша Ағыбет ауыл округі жыл сайын жоспарды артығымен орындайды. Биыл да сол межеден көрінеміз дейді шаруалар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444