Қазақстан елшісі Мексика президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Мексика Құрама Штаттарындағы елшісі Андриан Елемесов Мексика президенті Энрике Пенья Ньетоға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Әңгіме барысында екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, қазақстандық дипломат келісімдік-құқықтық базаны кеңейту, туристік әлеуетті дамыту, қос елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ Қазақстанды Мексиканың электронды виза жүйесіне енгізу маңыздылығын атап өтті, деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Елші Мексика тарапына Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс айтып, Мексиканың келесі жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне қатысу мәселесін қозғады.
Өз кезегінде Э.Пенья Ньето Мексиканың Қазақстанмен қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға мүдделі әрі дайын екенін білдірді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444