Жаңа президент және ескі жүйе

Бүгін Мәжіліс сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға заңамалық түзетулерді мақұлдады. Соған орай Тоқаев туралы жазбалар көбейіп еді, сыналып жатыр. Менде сынайын, оқыңыздар. Бәрі керемет болып кетпегені рас. Әлі де жаңа президент алдында Қазақстанның демократияға жетелейтін күрделі міндеті тұр.

Дәл бір жыл бұрын «Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Кемелұлын президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Осыған дейін, конституциялық құқықпен президент міндетін атқарған бір айының өзінде Тоқаев көп іс тындырып үлгерген еді. Тоқаевтың алғашқы тапсырмасы өткір боп тұрған әлеуметтік мәселелерге байланысты болды. Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметшілердің жалақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырмасы оның алғашқы пәрмені болды. Артынша экономкалық және саяси реформалар жалғаса берді. Сайлаудан кейінгі жарлығы да қарыздар салдарынан әлеуметтік дағдарысқа жол бермеу үшін 500 мыңға жақын ауыр өмірлік жағдайда қалған азаматтың жалпы көлемі 105,1 млрд. теңге банк несиелері өтелді.

Тоқаев Президент болса сала Қазақстанда интернет бұғаттау мәселесі шешілді. Президенттік ұлықтау рәсімінен кейін президент көпшілік алдында демонстрациялар мен наразылықтар мәселесін бірден шешті. Ол Ішкі істер министрлігіне наразылық білдірушілерге қатыгез күш қолданбауды және қоғамдық тәртіпке қауіп төндірушілерді ғана ұстауды бұйырды. Кейінірек ол «Бейбіт жиындар туралы» заңды жетілдіруге уәде берді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, қоғамдағы өзекті мәселе талқыланып, тыңдалды. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет 9 қыркүйекте өткен Женевадағы жиналыста БҰҰ атынан Қазақстанның жаңа билігіндегі Ұлттық кеңеске үміт артты. Сол Ұлттық кеңесте көтерілген Бейбіт жиындар, партиялар, сайлау туралы заңдар міне парламентте қаралып жатыр.

Бәрін де бақылап, көріп отырсыздар. Тоқаевтың президенттік жылы оңай болған жоқ. Наразылық шерулері, аналар мәселесі, Арыс апаты, теңіздегі толқу, ұшақ апаты, Қордай оқиғасы, коронавируспен қатар келген девальвация, крантин бұлай жалғасса инфляция да қол бұлғайтын шығар. Дегенмен президент халықтың арасында жүр.

Тоқаев билікке ашықтық әкелді. Әлеуметтік желідегі даулы тақырыптардан хабардар боп отырады және позициясын дер кезінде білдіріп, шешім қабылдайды. Әр кім сан-саққа жүгіртсе де «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүйеге түсіп келеді. Әлеуметтік желіде атқа мінерлер халық сөзін тыңдауды үйрене бастады.

Халықаралық жоғары беделге ие тәжірибелі дипломат ретінде ғана емес білікті басшы ретінде Тоқаев бұған дейін де көзге түскен. Ол бұған дейін 10 жылын сыртқы істер министрі, 10 жылын сенат төрағасы лауазымында, 3 жылын үкімет басқарып өткізді. Сайлау өте сала президент Уолл-стрит Журналға «Саяси өзгерістерсіз экономикалық даму мүмкін емес» десе, жолдауында «Әуелі экономика, екінші саясат» деген ескі формула енді жарамсыз» деп батыл мәлімдеді. Осы бір қиын кезеңге қарамастан Тоқаев қазіргі Қазақстан азаматтары, әсіресе жастар алдыңғы буыннан қатты ерекшеленетінін жақсы біледі. Тәуелсіздік жылдарындағы сәтсіздіктерді де ашық мойындады. Ұстаздарын мәртебесін қалыптастырып, білімге айрықша көңіл бөліп жатуы да бекер емес.

Алайда, біз саяси дағдарыстан шыға бастағанда экономикалық дағдарыспен бетпе бет келіп тұрмыз. Тоқаев президент болғалы ел бюджетіне салмақ түсірген күтпеген шығындарға қарасақ,
Несиені кешіру: 105 миллиард теңге.
Арысты қалпына келтіру үшін 35 миллиард теңге.
Қордайдағы шығын мен қалпына келтіру: 2 млрд. теңге.
Коронавируспен күресу және дағдарысты болдырмау 6 трлн теңге.
Осы оқиғалардың экономикалық шығындары мен қайырымдылық аударымдары, түрлі біркүндік жалақылар қаншама қаржы? Оған қоса биыл дағдарыс салдырынан бюджет 2 трлн. теңгедей түсімнен қағылады деп болжанып отыр.

Ескі жүйеден ұтымды түре арылу үшін Тоқаевтың сабақтастық пен тұрақтылықты баса көрсеткені түсінікті. Оған қоса президенттің жаңа саясаттары мен бағдарламалары әзірге тек ниет туралы мәлімдеме ретінде көрініс беруі де қалыпты нәрсе, себебі біз ескі жүйеден қажыдық та шаршадық, айтылған сөздердің жүзеге асырылуы үшін уақыт керек. Бірден үлкен өзгерістер мен жаңашылдық күтеміз. Оған қақымыз да бар. Алайда, біз соған атсалысуға да міндеттіміз. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» деген. Күш біріктірсек қана берекеміз болады.

Nurgali Nurtay

Нұрғали Нұртай  (Фейсбук парақшасынан)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444