Жел қуатынан электр энергиясын өндіруді қолдайды

Бүгінде Түркістан облысында «Жасыл экономика» бағдарламасын қолдау аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Оңтүстiккореялық қоршаған ортаны қорғау корпорациясының өкiлдерi профессор Рае Квон Чунг, профессор Ю Джае Чеон және Кванг-Дон Ким iс-сапарымен Түркістан қаласында болды. Шетелдiк өкiлдер екi ел арасында iскерлiк қарым-қатынасты нығайту мақсатында бiрлесiп жұмыс жасауға ниеттi. Соның бiрi — күн, жел қуаты арқылы электр энергиясын өндiру, сонымен бiрге қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу мәселесi болып отыр. «Жасыл экономика» бағдарламасы аясындағы жұмыстарға қолдау көрсетуге дайын делегация өкiлдерi қала әкiмiнің қабылдауында болып, аталған тақырыпта бiрқатар өзектi мәселелердi талқылады. Кездесу барысында қала басшысы шетелдiк делегаттарды қаланың даму жоспарымен таныстырып, негiзгi бағыт ауыл шаруашылығы мен туризм саласы бойынша мол мүмкiндiкке ие екендiгiн жеткiздi. Сонымен қатар Түркiстан облысы кәсiпкерлер палатасының Түркiстан қалалық филиалының директоры Н.Дәрiбаев қонақтарға ауыл шаруашылығы саласының мол табыс алып келетiндiгi жөнiнде айтып, осы салада бiрлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Түркiстан-aқпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444