Таза табыс табуға болады

Түркістан облысын негізінен аграрлы аймақтардың көшбасшысы деп айтуға әбден болады. Аймақта қазіргі таңда қарқынды бау көлемі артып келеді. Облыстағы орташа көрсеткіш 15 тонна екенін ескерсек, мұндай өнім өңірде бұрын-соңды болмаған. Оның көлемі 2800 гектарды құрап отыр. Ал Сарыағаштағы қарқынды баумен айналысатын серіктестік биыл облыста алғаш рет 70 гектар аумаққа шабдалы көшетін отырғызған. Бұл бауда сондай-ақ 22 гектарға шие, 13 гектарға өрік, 92 гектарға алма көшеттері егілген. Бұл интенсивті бақ жалпы 250 гектар аумақты қамтиды. Нұрбек Бадырақов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары: «Биылғы жылы қарқынды бауға көңіл аударылып, жалпы егіс көлемі 2800 гектарға жетіп отыр. Өздеріңізге белгілі, қарқынды баудан алынатын табыс көлемі жоғары бақша өнімдерінен 10 есе, ал мақтадан 30 есе жоғары. Яғни, тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы тиімді технологияны пайдалану арқылы жалпы шығынды 3 жылдан кейін өтеп, 4 жылдан бастап кемінде 5 миллион теңге, ең көбі гектарына 30 миллион теңгеге дейін таза табыс табуға болады».

24.кз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444