Өсім бар, жетістік те жоқ емес
Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында биылғы жыл басынан бергі жағдай бойынша кәсіпкерлік саласында ауданда статистикалық басқармасының мәліметіне сәйкес тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 8044, оның ішінде: шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 647, жеке кәсіпкерлер – 3893,шаруа қожалықтары – 3504 субъектіні құрап отыр. Ал 8044 субъектілерінен жұмыс істеп тұрған — 7232 шағын және орта бизнес субъектілері, оның ішінде: шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар — 405, жеке кәсіпкерлер – 3348, шаруа қожалықтары – 3479 субъектіні құрап отыр. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны: өткен жылы 15 794, 2016 жылы-15 402, 2015 жылы -14 622 адамға жетті. Шағын және орта бизнес субъектілердің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 2017 жылы — 38 млрд 333 млн тг, 2016 жылы-36 млрд 090 млн тг, 2015 жылы-34 млрд 624 млн тг. немесе алдынғы жылға қарағанда 104,5 пайызды құрады. Биылғы көрсеткіш те ауқымды болады деген жоспар бар. Осылайша аудан экономикасын өрлетуге өкірте үлес қосып отырған өндіріс орындары артып келеді. Ал жылжыған сайын кәсіпкерлікпен айналысуға ден қойғандардың саны да көбейе түсуде. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің ісін ілгерілетуінен бөлек аудан бюджетін қомақтыландыруға да өзіндік үлесі бар. Ауданда әсіресе ауыл және мал шаруашылығымен айналысатындардан бөлек жылыжай шаруашылығын жайқалтып отырғандар да жетерлік. Өсім бар, жетістік те жоқ емес.