Денге дәру бизнес
Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы, Алатау, Аққұм, Кемеқалған ауылдық округтері қымыз өндірісін дамытуға әбден маманданған, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Қымыз өндіру бойынша биыл 1835 тонна қымыз өндірілген. Оның ішінде 783 тоннасы өз қажеттілігіне, 1052 тоннасы сатылымға шығарылған. Қымыз өндіру саласында мемлекеттік қолдау шаралары 13 шаруашылыққа көрсетіліп, 480 тонна қымыз өндіргені үшін 28,8 млн. теңге субсидияға қол жеткізді. Қосымша 3 шаруашылық қосылып, 16 шаруашылыққа ұлғайған. Биыл субсидия көлемі 29,1 млн теңгеге жетіп отыр. Тау жағалай орналасқан аудандағы биелерді сауып қана қоймай, оны баптаумен де айналысатындар көп. Салқын бие сүті 2 сағатта қымызға айналады екен. Оны кең даланың кермек иісті киікоты шөбіне ыстайды. Жеке кәсіпкердің айтуынша, 9 айда 41640 литр қымыз өндіріпті. Зертас ауылдық округінің тұрғыны жеке кәсіпкер Т. Кортаев 9 айда 32500 литр қымыз өндіріп, аудан тұрғындарын қымызбен қамтып отыр. Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің ата-бабаларымыз халық медицинасында пайдаланып келген. Қымыз ішіп, ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алуға болады.