«Сапалы өнім» бойынша брифинг өтті

Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша: 2023 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 2141 өтініш қаралып 106,0 млн. теңге тұтынушыларға қаражаты қайтарылды.
Әсіресе олардың ішінде — бөлшек сауда (автокөлік, тұрмыстық техника, компьютер, және т.б.) қоғамдық тамақтану бойынша арыз — шағымдар көп келуде.
Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттің басшысы Н.Тулеевтың төрағалығымен Шымкент қаласының «Аманат» партия ғимаратында Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Шымкент қаласы бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті, «Орынтай Сейдалиев», «Дулат», «Тұтынушылық бақылау», «Тұтынушылық қауіпсіздігі» және «SR Қазақстандық лигасы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі» қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Шымкент «Панорама» және Шымкент Келбеті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске қосу бойынша брифинг өткізілді.
Брифинг барысында – ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының алға қойған басты елдік міндеттердің бірі болып табылатының айтылды.
Бірақ оған қол жеткізу жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), қоғамның, тұтынушылардың, қоғамдық институттармен БАҚ өкілдерінің тұтастай бірлесе жұмыс атқарғанда ғана қол жеткіземіз.
Бұл барлық Қазақстандағы 19 млн тұтынушыларды қамтиды.
Осыған орай, «Сапалы өнім» ды ұсынамыз. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар.
Осы тұжырамдамадағы ҚОҒАМДЫҚ КҮШТЕР арқылы — Нормативтік бұзушылықтарды, құқықтары бұзылған тұтынушыларды және жосықсыз бәсекелестікті анықтау ұсынылады.
Өздеріңіз білетіндей, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚР «Сауда және интеграция» Министрлігі жаңа редакцияда заң жобасын әзірлеуде.
Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды осы салада жұмысты үйлестіретін Омбудсмен енгізу арқылы қоғамдық институттарының функционалдығын арттыру ұсынылады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және көрсетілетін қызметтерді сатып алу құқығына ие болады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттары белгілі бір мәселе бойынша жиналған топтың құқығын қорғауға жол ашады.
Осы шаралар іске асырылғанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Жоғарыдағылардың негізінде, Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменты аптасына 1 мәрте Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Шымкент қаласы бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті және Қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен Ситуациялық штаб өткізілуде.

 

Шымкен қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444