25 қазан – Республика күні!

Қайрат САЛЫБЕК, Түркістан облысы мәслихатының депутаты:

25 қазан – Республика күні барша қазақ халқына құтты болсын!

Сіздерді бүгінгі еліміздің ең маңызды да, мерейлі күнімен құттықтаймын!

Бұл күн біздің елдігімізді, жер бетінде шекарамыз шегендеулі, ұлт болып ұйысқан мемлекеттігімізді мойындалған, һәм айғақталған күн.

Қазақ елінің көгінде әрқашан көк туымыз желбіресін!

Қадірлі халайық!
Технологиясы қарыштаған, ғылым-білімі дамыған озық дәуірде өмір сүріп жатсақ та, жан-жағымызда азаттық үшін арпалысқан, ұлтарақтай жерін қорғаштаған жұрт жетерлік. Ғасырлар бойы теперішті, қиындықтың дәмін аз татпаған қазақпыз. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздігіміз ұлан-асыр ұрпақтарға ұлассын!

Рухымыз биік, аспанымыз ашық, жастарымыз алғыр, білімді, өжет, шежірелі қарттарымыз көреген, еліміз бейбіт, экономикамыз ілгері, республикамыз мәңгілік баянды болсын!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444