100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елорда тұрғындарының үйіне газ жүргізеді

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлерінеолардың арасында жалғызбасты зейнеткерлергекөп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі.

Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі  Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда.

«Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілгенБұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылдыҮйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудемізхалықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделгенсондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледіБұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатынЕнді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісемізҚалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерінкварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледіГаздандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсындыОларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.

Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуыншаHalyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда«Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырдысондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қостыГаздандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырыпбіз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз».

Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отырЖыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салдыОл үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттіңбизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444