Түркістан: «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде кәсіпкердің құқығы қорғалды

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен кәсіпкердің жер учаскесіне мемлекеттік актісін беру мәселесі шешілді.

Аумақтық құрылыстың бөлінуіне байланысты (жер аумағын басқа ауданға қосу) мемлекеттік жер пайдалану актісін алу кезінде әкімшілік кедергіге тап болған кәсіпкердің өтініші «Бизнеске жол» жобасы аясында арыз — шағымдарды қарау барысында белгілі болды.

Жер кадастр бөлімі Мақтаарал ауданы әкімінің қаулысының болуына қарамастан, кәсіпкердің жеріне мемлекеттік актіні беруді кешіктірген.

Антикордың араласуымен, бизнес өкіліне шаруа қожалығын жүргізу үшін ауданы 10 га. жер учаскесіне мемлекеттік акт берілді.

Осылайша, «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде кезекті рет кәсіпкердің құқығы қорғалып, шағымы жедел қанағаттандырылды.

𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 -𝟭𝟰𝟮𝟰

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444