online.damu.kz порталына тіркеліп, қызметке оңай қол жеткізіңіз!
Қазіргі қызмет көрсету дәстүрінің беталысын осылай сипаттауға болады. Бұл – ыңғайлы, шығын шықпайды, уақыт кетпейді. Сұраныс өскен сайын онлайн қызмет көрсету саласында технологиялар да дамып келеді. Барлық қызметтерін автоматтандыруды 2016 жылдан бастаған «Даму» Қоры да бұл үрдістен тысқары емес. Қазір несиені субсидиялау немесе Қордың кепілдігін алу үшін филиалымызға келіп, кезек күтудің керегі жоқ. Уақытыңызды үнемдеңіз. Өтінімді үйде отырып-ақ беріңіз.
Ол үшін елдің қай өңірінде отырғаныңыз маңызды емес. Цифрлық қолтаңба кілтіңіз бен интернет болса жеткілікті. «Даму» Қорының қолдау құралдарын Online.Damu.kz порталына кіріп тауып аласыз.
Неден бастайсыз? Қадам-қадаммен түсіндірейік:
Алдымен https://online.damu.kz/ порталына тіркеліңіз
Одан кейін «Өтінім беру» нүктесін басып, арнайы форманы толтырасыз. Қажетті құжаттарды қоса жүктейсіз.
Өтініміңізге цифрлық қолтаңба кілт көмегімен қол қоясыз.
Сіз жіберген өтінім автоматты түрде «Даму» Қорының қарауына түседі.
Өтінім берген кәсіпкер жеке кабинеттен оның қай деңгейде қаралып жатқанын бақылай алады. Статус өзгерген сайын sms-хабарлама келіп тұрады.
Егер қандай да бір қиындық туындап немесе онлайн қызмет барысында көмек қажет болса – 1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып кеңес ала аласыз.
«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ақпараты бойынша