Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне адалдық стандарттарын сақтау талаптары түсіндірілді

Бүгін Түркістан облысының «Ветеринарлық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті.
Шараның негізгі мақсаты — өңірдегі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарда ұжымдық адалдық стандарттарын сақтау бойынша ақпараттық және ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жиынға Департаменттің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы қатысып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңызды аспектілерін түсіндірді.
Сондай-ақ, Тұжырымдамада негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» екенін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Шара соңында жиынға қатысушылар тақырып аясында бірқатар сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.
248
Охват (люди)
35
Взаимодействия
Продвижение недоступно
4
1 Share
Like
Comment
Share

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444