СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІНЕ ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ ТИІСТІ ШАРА ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлының қатысуымен облыс әкімдігінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жиын өтті.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты — әкімшілік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және қоғам дертінің туындауына жол берген бірқатар азаматтарға тиісті шара қолдану.
Сыбайлас жемқорлықтың салдары мен себебі терең талқыланған жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Жетпісбай мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен облыстық басқарма басшылары және бейне байланыс арқылы аудан/қала әкімдері мен әкімдік қызметкерлері қатысты.
Жиында сөз алған Бауыржан Дәулетиярұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болатын себептер мен жағдайларды атап көрсетіп, Департаментпен жолданған ұсыным бойынша аса ірі мөлшерде алаяқтық қылмысын жасап, пара беру дерегімен тіркелген қылмыстық ісі айыптау актісімен сотқа жолданғанын жеткізді.
Қоғам дертін болдырмауға бағытталған жиында тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Дархан Аманбай сөз алып, ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 200-бабына сәйкес, өндірістен аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдарға жолданған қылмыстық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы кеңінен баяндап өтті.
Жиын соңында Бауыржан Дәулетиярұлы ұсынымда көретілген тұлғаға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану ұсынылып, профилактикалық бағыттағы шараларды күшейтіп, облысымызда қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ар тазалығын биік ұстауға, әрі ел игілігі жолында халыққа қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444