КЕЗЕКТІ ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ӨТТІ

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Экология, өлкетану және туризм орталығының қызметкерлерімен жиын өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент  қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова қатысып, кездесу барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңызды аспектілерін түсіндірді.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған заңнамалық шаралардан хабардар етіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444