Білім. Ғылым. Инновация

Білім. Ғылым. Инновация. Осы үштік үстемдікке бағыт алған кезеңде білім бесіктері заманауи оқу үрдістерден сырт қалмауы тиіс. Осы тарапта бүгінде ауқымды шаруалар атқарылуда. Түркістан облысындағы Назарбаев зияткерлік мектептері бүгінде тереңдетіп білім беруде жоғары жетістікке жетіп жүр. Сондықтан да айтулы мектепте білім алғысы келетіндердің қатары қалың. Облыстағы барлық білім ошақтарын осы мектептің деңгейіне жеткізу мүмкін болмас. Дегенмен мақтаулы білім бесігінің тәжірибесін енгізуге мүмкіндік мол. Осы орайда күні кеше облыс әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында 2017-2019 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойылды. Осы меморандум негізінде өңіріміздегі мектеп мұғалімдері «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық педагогикалық тәжірибелерін меңгеретін болады. Сонымен қатар инновациялық білім берудің сапасын арттыру да басты мақсат болып табылады. Жиын барысында облыстың түкпір түкпірінен жиналған ұстаздар қауымы бүгінгі білім беру саласындағы жаңашылдықтар, енгізіліп жатқан жаңартылған білім берудің мазмұны сарынында ой пікірлерін талқы таразысына салды. Түркістан қаласындағы №15 мектеп-гимназиясының директоры Тамара Пірімжанова аталған мектепте инновациялық оқыту әдістерін енгізу тақырыбында пилоттық тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта аталған меморандумның нәтижесі мол болады деген үміт басым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444