Инновациялық жобаларын ұсынып отыр

Жуырда Түркістан облысына Мажарстаннан бір топ делегация келген болатын. Шетелдік қонақтар сауда-экономикалық әріптестік орнатуға құмбыл екендіктерін жеткізіп, бірлесе жүзеге асыруға болатын жобалары жайлы жан-жақты таныстырып өтті. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, шетелдік инвесторларға көрсетілетін  жеңілдіктер жайлы мағлұмат берді. Ал венгрлік меймандар алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласында тығыз қарым қатынаста жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Венгрияның сауда-саттық байланысы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 1 млн АҚШ долларын құраған болатын. Алдағы уақытта бірлескен жобалар жүзеге асса сауда көлемі бұдан да арта түсері анық. Сондай – ақ, шетелдік қонақтар инновациялық жобалары жайлы да айтып өтті. Венгриядағы ауыл шаруашылық саласының мамандары оттегіні әдеттегіден 10 есе артық бөліп шығаратын ағаш түрін өсіріп жатқандарын тілге тиек етті. Бүгінде Қытай  миллиардтаған сомаға осы ағашты сатып алуда екен. Егер күнгейліктер тарапынан қолдау тапса аталған ағаш түрін осында өсіруге ниетті екендіктерін білдірді. Кездесу соңында мажарстандықтар облыс басшысын өз елдеріне қонаққа шақырды. Шандор Ковач, Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы:  «Білім саласы бойынша да ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол. Қазақстандық жастарға денсаулық сақтау саласы бойынша білім алуына мүмкіндік жасар едік. Біздің аймағымызда аталған сала мықты дамыған. Елімізге емделуге келетіндердің де қарасы көп… Қазақстан жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі. Сондықтан да алдағы уақытта жан-жақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген зор мүмкіндік туып тұр. Әрі оның бәрі сәтті жүзеге асатынына сенім мол. Өйткені генетикамыз бір. Түбі бір қыпшақ ұрпақтарымыз».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444