ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ДАМИТЫН БОЛАДЫ
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.
Қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа шағын аудандарды дамытуға магистралды ауыз су құбырларының қуаты жетіспейді.
Бұл мәселені шешу үшін 4 магистралды құбыр салу қажет.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда:
➢ Ауызсуды кесте бойынша алатын 25 мың тұрғыны бар 5 елді мекеннің және суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 6 елді мекен мәселесін толық шешуге ықпал етеді;
➢ 2021-2022 жылдары қалаға жетіспейтін 3 және 2022-2025 жылдары 8 магистралдық су құбыры салынады;
НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ ТАЗА ӘРІ САПАЛЫ АУЫЗ СУДЫ ТҰТЫНАДЫ!
Кәріз жүйесін жақсартамыз
Қаланың орталығы кәріз жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Ал қаланың шетіндегі 81 елді мекеннің 18-інде ғана кәріз құбырлары бар. Қала бойынша көрсеткіш – 49,1 пайыз. Алдағы уақытта 63 елді мекенді кәріз жүйесіне қосу қажет.
Қалада жалғыз шайынды су тазарту кешені бар. Оның қуаттылығы – 150 мың текше метр, ал нақты қажеттілік – 360 мың текше метрге жетеді. Барлық елді мекендерді кәрізге қосуға қуат жетпейді.
Осы мақсатта алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді:
➢ 84,4 шақырым кәріз жүйесінің салынуына атсалысады. Атап айтқанда:
2021 ж. – 16 шқ,
2022 ж. – 17 шқ,
2023 ж. – 15 шқ,
2024 ж. – 15 шқ,
2025 ж.–21,4 шқ.
➢ Тәулігіне қуаты 50 мың текше метрлік және 20 мың текше метрлік 2 тазарту қондырғысының құрылысы 2022-2023 жылдары кезең-кезеңімен жүргізіледі;
➢ 2021 жылы 100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков – Жібек жолы магистралды кәріз жүйесінің құрылысы аяқталады.
Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60 пайызға жетіп, 630 мың адам кәріз жүйесімен қамтылады!
Газбен қамтамасыз етеміз
Қолданыстағы екі АРГС-тің қуаты қаланың дамуына толық жетпейді (оның қуаты 180 мың текше метр, ал нақты қажеттілік 250 мың текше метр). Халық саны 81 мың адамды құрайтын 9 елді мекен газға қосылмаған.
Осы мақсатта алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді:
➢ Қуаты сағатына 250 мың текше метрді құрайтын №3-ші АГРС құрылысын жүргізуге, ал 2021 жылы пайдалануға беріледі.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала аумағы толық газбен қамтылады.
Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеміз
Қаладағы 81 елді мекеннің 29-нда электр жүйелерінің сапасы төмен, қосымша құрылыс қажет етеді. Әсіресе, қаланың солтүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспейді.
Сондықтан алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы мынадай істердің жүзеге асуына ықпал етеді:
➢ Қуаты 220 мВт құрайтын Бозарық қосалқы станциясы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі;
➢ 2021 жылы екі қосалқы станция (қуаты 110 мВт «Ақжар» және «1-М-1») іске қосылады;
➢ 2021-2022 жылы «Ынтымақ» қосалқы станциясы іске қосылады;
➢ 2022-2025 жылдары 2 қосалқы станция («Оңтүстік», «Қызылсу») іске қосылып, 430 мың адамға сапалы электр қуатын беруге мүмкіндік болады.
Нәтижесінде 5 жылда 5 қосалқы станция іске қосылып, электр қуатымен қамту 180 мвт-тан 350 МВт-қа артады. 2025 жылы қала тұрғындары сапалы электр энергиясымен толық қамтылады.
«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан