Шымкент: «Рақмет саған, дәрігер!» байқауының жеңімпаздарына жүлде қоры табысталды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған  «Рақмет саған, дәрігер!» байқауының жеңімпаздарына жүлде қоры табысталды.
Бүгін  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен Шымкент қалалық  Денсаулық сақтау басқармасы және Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалы әлеуметтік желі қолданушылары арасында Шымкент қаласында короновирусқа қарсы күрес жүргізу, тұрғындар арасында сақтық шараларын насихаттау және  халық саулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің ерен еңбегін қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Рақмет саған, дәрігер!» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды.

Ұлт саулығын күзеткен абзал жандардың еңбегін дәріптейтін  бәсі биік байқауда
1 орыннан бой көрсеткен Мақпал Сауранбековаға   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Жанар Бектаева  200 мың теңге жүлде қорын табыстап, қызмет жолындағы игі істеріне  сәттілік тіледі және  қалалық  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов 2 орыннан  көрінген Меруерт Қыстаубаеваға,  сондай-ақ ҚР журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр 3 орынды  месе тұтқан  Бақыткүл Қозыбағароваға  ел саулығы жолындағы еселі еңбектері үшін өз алғыстарын білдіріп,  арнайы Диплом мен бағалы сыйлықтарды тарту етті.

Сондай-ақ, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әлеуметтік желіде жарияланған 30 жазбаның арасынан үздік деп танылған 7 адамға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Айта кетсек,  «Рақмет саған, дәрігер!» әлеуметтік жобасы  —  пандемия кезінде бастарын қатерге тігіп, талай науқасты өлімнен арашалап алуға ұмтылған ақ халаттылардың қызметін насихаттау мақсатында қаламыздың әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұйымдастырылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444