Испандықтар индустриалды аймақта

Испания мемлекетінің «Roca Group» өкілдері, атап айтқанда, Инновация және Корпоративтік операциялар басқармасының басшысы Франциско Луис Вилья Коррипио және Инновация Департаментінің және Корпоративтік операциялар Консультанты Ильхом ШарафидиновТүркістан облысындағы «Оңтүстік» Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясына іс-сапармен келді. Сапар барысында, «Roca Group» компаниясына еншілес «Roca Sanitario» компаниясы Басқарушы компаниясына қарасты Индустриялық аймаққа орналасуды жоспарлады.  Сондай-ақ, «Roca Sanitario» компаниясы жуынатын өнімдердің толық жиынтығы (монша, санитарлық-техникалық бұйымдар, крандар, керек-жарақтар және жиһаз) және керамикалық плиткаларды өндіреді.  Қазіргі таңда, бүкіл әлем бойынша 170-тен астам елдерде сауда орталықтары ашылған. Сапар аясында Испан мемлекетінің өкілдеріне «Оңтүстік» Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының қызметі мен инвестициялық мүмкіндіктерімен, көрме орталығы және аймақта орналасқан жобалармен таныстырылып, екі жақтың тараптары болашақ ынтымақтастықты нығайту және келешектегі мүмкіндіктерді талқылады. Алдағы уақытта испандықтар индустриалды аймаққа инвестиция тартуы да мүмкін. Аталмыш аймақтағы инфрақұрылым, мемлекет тарапынан асалып отырған көптеген көмектер бар екенін есітіп қызығушылық танытты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444