РОТАЦИЯ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Департаменттің өкілдері А.Қансейіт пен Қ.Қайпназарованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының (бұдан әрі — Инспекция) мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі — Заң) және Әдеп кодексінің нормалары туралы түсіндірме жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, өз еркімен Ротациялау соңғы үш жылдан аз емес уақыт бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің арасында өзара келісімі болған кезде, уәкілетті адамдардың актілерімен жүргізіледі және Ротация тек әртүрлі әкімшілік аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің арасында ғана жол берілетіндігі, сондай ақ, бағынысты қызметшілері Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершіліктері Заңға сәйкес түсіндіріліп өтті.
Сонымен қатар, Департамент өкілдері Инспекция қызметкерлерінің «Б» корпусының лауазымына конкурссыз ауысуы және бос лауазымдарға орналасу бойынша конкурс қағидаларының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша сұрақтарына жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444