ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің қатысуымен қалалық экология департаментінің ұжымымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында жиын өтті.
Онлайн шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтар баяндалып, бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту туралы нормалар түсіндіріліп, жедел бағыт бойынша Департаментпен анықталған қылмыстық істер айтылды.
Жемқорлықтың алдын алуды мақсат еткен жиын барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті екендігін атап өтіп, осы бағытта қолға алынған жаңа жобалардан хабардар етті.
Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен қатар заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудың бұлтартпастығы маңызды қағидаттар болып қалатындығы хабарланды.
Департамент басшысы Асхат Жұмағали экология департаментінің ұжымын жемқорлықтың алдын алуда белсенділік танытуға шақырып, парасаттылық құндылықтарын ұжым арасында кеңінен дәріптеу қажеттігіне, жұмысты адал атқаруға назар аударды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерге, Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі қорытындысына кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, өз қызметтерінде парақорлық фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты негізде жүргізе отырып, оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
Қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Кадырхан Бейсенбаев жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұжым арасында қолға алынған шаралардан хабардар етіп, жоспарлармен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444