ANTIKOR.NEWS: 5,2 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІ ҚОРҒАЛДЫ

Осындай статистиканы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали 2020 жылғы Департаменттің жұмысын қорытындылау барысында хабарлады.

«Мемлекеттік сатып алу мониторингі арқылы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Нәтижесінде жекелеген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар бұрынғысынша өткізілетін сатып алу сомасын едәуір арттыратынын көрсетуде.

Мысалы, карантин кезеңінде көпшілік іс-шаралардың болмауына байланысты, біздің назарымыз бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу, жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, арнайы тәртіп бойынша сатып алуға  ерекше назар аударылды» — деді спикер.

Мониторинг нәтижесі бойынша Департаментпен 5,2 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444