ШЫМКЕНТ: ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ ЖАЗИРА ЖАППАРҚҰЛ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

 

Қазақ әйелдері арасында тұңғыш рет Олимпиада жүлдегері және екі дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері зілтемірші Жазира Жаппарқұл өз таңдауын жасады.

Шымкент қаласындағы №283 сайлау учаскесіне барып, ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысқан спортшымыз өз пікірімен бөлісті.

– Сайлау учаскесіне ерте келіп, еліміздің саяси дамуына үлесімді қосу мақсатында өз таңдауымды жасадым. Бұл ретте еліміздің барша тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырамын! – деді Ж.Жаппарқұл.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша 617 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444